5B070400 Есептеу техника бағдарламалық қамтама

Инженерлік және сандық технологиялар факультеті → "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В070400 Есептеу техника бағдарламалық қамтама мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Кәсіби әрекет саласы: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, білім және ғылым, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы,қызмет көрсету салаларында, әкімдік басқаруда, экономикада, бизнесте, әр түрлі технологияларды басқарудағы, яғни әр түрлі ақпараттық-есептеу жүйелерінде бағдарламалық қамтаманы және есептеу техниканы құрастырып, қолданып және енгізуші:  мемлекеттік, жеке кәсіпорындар және ұйымдар кіреді.  

Кәсіби әрекет обьектілері: әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде компьютерлік желілер мен жүйелердің бағдарламалық қамтамасын қолдану және құруға бағытталған, адам әрекетінің әдістері, тәсілдері және құралдар жиынтығы.

Кәсіби әрекет түрлері:

  • ғылыми-зерттеулік; 
  • талдаулық; жобалық; 
  • технологиялық; 
  • ұйымдастыру-басқарушылық; 
  • сервистік-қанаушылық.

Кәсіби әрекет мінездемесі: басқару және ақпаратты өңдеуші компьютерлік жүйелерді енгізу үшін  бағдарламалық құралдар мен есептеу техника құралдарын қолдану; кәсіби әрекет обьектілерінің  бағдарламалық және ақпараттық қамтамасын, математиткалық элементтер жобалау; құбылыстар,процесстер мен жүйелерді есептеу техникасының құралдарымен математикалық модельдерін таңдау және іске асыру; кәсіби әрекеттің обьектілерін зерттеу және құру процесін ұйымдастыруда, есептеу техникасының құралдарын, аспаптық бағдарламалық құралдарын және технологиясын таңдау; инсталляция, жүйелік, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық қамтаманы, есептеу техниканы және ақпаратты өңдеу мен басқарушы компьютерлік жүйелерді күйге келтіру және қызмет көрсету;  ақпаратты өңдеу мен басқарушы компьютерлік жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді сүйемелдеу.