5B050700 Менеджмент

Тарих, экономика және құқық факультеті → "Қаржы және менеджмент" кафедрасы

Ғылыми дәрежесі: 5B050700 «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

Кәсіптік қызмет саласы: экономиканың нақты секторы, қаржы және банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік. Бұл мамандық бойынша бітірушілер шаруашылық субъектілерінің басқарушылық, кәсіпкерлік және қаржы қызметін жүзеге асыруда әр түрлі функцияларды атқара алады. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында бакалаврлар нарық жағдайын бағалайды және басқару шешімдерін қабылдайды, зерттелетін объектінің жағдайын талдап олардың басымдықтарын айқындайды. Стратегиялық және тактикалық жоспарлауды дамыту жолдарын қарастырады. Сонымен қатар нарықтық ортадағы өзгерістерді ескере отырып, бүкіл басқару процесін ұйымдастырып басқарады.

Кәсіби қызметтің объектілері:

  • республикалық және аумақтық деңгейлердегі әртүрлі құқықтық нысандардың (коммерциялық, коммерциялық емес) ұйымдары, түлектері ұйымдастырушылық және техникалық шаралар бойынша орындаушылар мен үйлестірушілер ретінде жұмыс істейді және жедел басқару шешімдерінің орындалуын басқарады
  • түлектер өз бизнесін құратын және дамытатын кәсіпкерлер болып табылатын құрылымдар
  • бюджеттік ұйымдар, әртүрлі құқықтық нысандардағы кәсіпкерлік субъектілері

Кәсіптік қызметтің түрлері:

  • ұйымдастыру - басқарушылық
  • есептік-жобалық
  • білім беру
  • экономикалық
  • аналитикалық
  • кеңес беру
  • ақпараттық
  • кәсіпкерлік
Кәсіби қызметтің мазмұны:
  • өндірісті жедел және ағымдағы басқаруды жүзеге асыру
  • кәсіпорынның дамуына арналған стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарларды енгізу және әзірлеу
  • кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді жұмыс істеуіне бағытталған басқару шешімдерін әзірлеу
  • кәсіпорындарды басқарудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру
  • белгілі бір ұйымда басқару технологиясын енгізу және қолдану
  • басқару шешімдерінің тиімділігін талдау, басқарушылық қызметтің барлық спектрі бойынша бақылауды жүзеге асыру, қорытындыларды дәлелдеу және ақпаратты сауатты қолдану
  • әлемдік экономикада динамикалық түрде өзгеретін құбылыстар мен үрдістерге бейімделіп, заманауи ақпараттық ағындарды қарастыру мүмкіндігі
  • белгісіздік жағдайында кәсіби шешім қабылдау дағдыларына ие болу