5B012900 География-тарих

Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті →География және экология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5B012900 География-тарих мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім беру.

Кәсіби қызмет обьектілері: негізгі және кәсіби мектептер арнайы мектеп, техниқалық және кәсіби білім беру ұйымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру қызметі;
  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • ұйымдастыру-басқару қызметі;
  • әлеуметтік-педагогикалық қызметі;
  • оқу-тәрбие қызметі;
  • оқу- технологиялық қызметі.

Кәсіби қызмет мазмұны: педагогикалық процесті жоғары сапалы ұйымдастыру және басқару, білім алушылардың танымдық әрекетін белсенді меңгеруге, білім берудің жеке маңыздылығына, білім беру процесін білім алушының  тұлғасына бағыттауға, өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге, әртүрлі педагогикалық технологияларды пайдалануға, білім алушылардың өзін-өзі тәрбиесіне және кәсіптік бағдар алуға қолайлы жағдай жасау, педагогикалық қызметтің психологиялық және әдіснамалық тұрғыдан дұрыс құрылысы, объективті заңдарды және география мен тарихты оқытудың заманауи талаптарын ескере отырып, өздерінің кәсіби іс-әрекеттерін жоспарлау.