7M08101 Агрономия

Агротехникалық факультет → "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасы

Академиялық дәрежесі – «Агрономия» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт), ауыл шаруашылығы магистрі (бейіндік бағыт).

Оқыту мерзімі - 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт), 1,5 жыл (бейіндік бағыт).

Білімді қолдану аумағы: мамандық бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің аталмыш кезеңі егіншілік және өсімдік шаруашылығы аймағындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нақты міндеттері негізінде жаңа әдістерді жасаумен, алынған мәліметтерді өңдеумен, қолда бар әдебиет көздерін ғылыми және өндірістік көзқарас тұрғысынан талдаудың нәтижелерімен тығыз байланысты мәселелерді зерттеуге негізделген. Магистранттар мамандықты толық меңгеру үшін тәжірибе ісінің заманауи әдістемесімен терең білім алады. Агрономия ғылымының қазіргі кездегі жағдайы мен даму болашағын зерттейді.   Агрономия пәндерінен сабақ беру әдістемесін меңгереді.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы: магистранттар курсты аяқтаған соң келесідей дағдыларды үйренеді: өз бетінше егіншіліктің және өсімдік шаруашылығының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауды және жүргізуді; сандық және сапалық талдаулар мен синтездерді жүзеге асыра отырып, әртүрлі үрдістерді және құбылыстарды болжау үшін қажетті моделдерді жасау және пайдалану әдістемесімен жұмыс жасауды; педагогикалық машықтануды; агрономия ғылымының әртүрлі мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, эксперименталды материалдарды талдау жұмыстарын және ғылыми гипотезаларды талқылау бойынша жұмыстарды жүргізуді; оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша жұмыстар жасай білуді. Магистрлар агрономия саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ЖОО-да ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жүргізе алады, сонымен қатар олар өсімдіктерді қорғау және карантин мемлекеттік қызметінде, ҚР АШМ-нің ғылыми-өндірістік құрылымдарында, өсімдік шаруашылығы бейініндегі барлық ауыл шаруашылығы мекемелерінде, ғылыми зертханаларында өз-өздерінің біліктілігін арттырып, одан әрі жетіле алады.