6B08102 Өсімдік қорғау және карантин

Агротехникалық факультет → "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасы

Академиялық дәрежесі – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқыту мерзімі – 4 жыл

Білімді қолдану аумағы: мамандық ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісіне шаруашылық және экономикалық нұқсан келтіретін зиянды ағзалардан (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) өсімдіктерді қорғаумен байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған. Мамандықты жақсы меңгеру үшін студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және карантинді ағзаларының биологиясы, экологиясы, түрлік құрамы мен олармен күресу шаралары жөнінде терең білім алады. 

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы: бакалавриат курсын аяқтағаннан кейін мамандар ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларына фитосанитарлық мониторинг пен олардан  кешенді қорғау шараларын, сонымен қатар кедендік бекеттерде карантиндік тексерістің барлық кезеңдерін жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Түлектер келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдік қорғау жəне карантиннің мемлекеттік қызметтерінде, ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында, фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар орталықтарында, өсімдіктер карантині орталығында, бақылау-токсиологиялық зертханаларында, шекаралық карантиндік бекеттерде.