6B05102 Биотехнология

Агротехникалық факультет → "Агрономия және орман шаруашылығы" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6B05102 - «Биотехнология» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Білімнің қолдану саласы: Биотехнология – ғылым мен техниканың  тірі ағзалардың көмегімен адамзатқа қажетті өнімдер мен материалдарды өндіретін сала. Биотехнология мамандары ауруларды балау және емдеуге арналған дәрілік заттарды, ауылшаруашылық дақылдардың жаңа сорттары мен жануарлардың асыл тұқымдарын алумен айналысады, сонымен қатар дәрумендер, антибиотиктер, сірке, лимон және сүт қышқылдарын өндіре алады.

Биотехнологтың қызметі – қоғам үшін өте қажетті еңбек, ол биотехнология ғылымы дамуына сәйкес үнемі жетілдіріп отырады. Биотехнологтың қызметін екі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның жұмысы медицина саласын да, фармацевтиканы да, гендік инженерияны да қамтиды. Сондықтан бұл маманның құзырет деңгейі өте жоғары, кең. Ол әртүрлі азық түлік өнімдерінің, биологиялық белсенді қоспалар, ферменттер мен антибиотиктер өндіріс биотехологиясын біледі. Бұл оның микробиология, химия, азық түлік өнімдерінің қауіпсіздігі жайлы ғылымдардан да хабардар болады. бұл кәсіби деңгейдегі жоғары мамандар. Олар фармацевтика, парфюмерия мен косметикалық, тағам, мал дәрігерлік және қайта өңдеу салаларына өте қажет.    

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы: зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу білу, тірі ағзалардың жасушаларын өсіру; серологиялық реакциялар (ИФТ, ИХТ, ДПР және т.б.) мен молекулалық талдауларды (ПТР және Реал-тайм) жүргізу; гендер қызметін білу және ДНК-маркерлерді құрастыру; техникалық құжаттарды жүргізу.

Кәсіптік қызметтің объектілері: ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттары; өндірістік кәсіпорындар мен қайта өңдеу, микробиологиялық, ауылшаруашылық кәсіпорындарының зертхана-лары; ботаникалық бақтар, ұлттық пен зоологиялық саябақтар; селекциялық орталықтар; экологиялық қызмет пен ұйымдар; орта мектептері, гимназиялар, колледждер.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кафедра оқытушылары үш білім беру бағдарламаларын құрастырды: ветеринарлық биотехнология, өсімдіктер биотехнологиясы, фармацевтикалық биотехнология. Бірінші курс жалпы пәндерді оқытудан басталады, олар атап кетсек тілдер, жаратылыстану ғылымдары, жануарлар мен өсімдіктер биоалуантүрлілігі, жасушалар мен ұлпалар өсінділерін микроскоппен зерттеудің тәжірибелік дағдыларға ие болады.