![]() Оқытушылар |
![]() Білім алушылар рейтингісі |
![]() Факультеттер мен институттар |
![]() Университет құрылымы |
![]() Электронды ректорат |
![]() Репозиторий |
6B01509 Математика-физика
Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті → Математика және информатика кафедрасы
Академиялық дәрежесі: 6B01509 Математика-Физика мамандығы бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызмет саласы: білім; ғылым.
Кәсіби қызмет обьектілері:
- орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары;
- ғылыми зерттеу орталықтары;
- мемлекеттік басқару органдары.
Кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру;
- ғылыми-зерттеу;
- әлеуметтік-педагогикалық.
Кәсіби қызмет мазмұны:
- нормативті міндетті психологиялық-педагогикалық, математикалық және физикалық пәндерді, математиканы және физиканы оқытудың әдістемелерін игеру;
- педагогикалық, басқару қызметтерінің ғылыми негізін игеру;
- педагогикалық ғылымдар және практиканың талаптары деңгейінде оқу-тәрбиелік процестерді ұйымдастыру;
- ағымдағы, аралық және қорытынды үлгерім бақылауларын жүргізу және оларға тапсырма беру жинағын құрастыру;
- барлық деңгейдегі математикалық және физикалық олимпиадаларды және ғылыми байқауларды жүргізу және дайындау;
- факультативтік сабақтарды жүргізу;
- математикалық және физикалық үйірмелерді ұйымдастыру және жүргізу;
- ғылыми-педагогикалық ақпараттар іздеу;
- қосымша білім беру жүйесінде сабақ жүргізу;
- оқушы ата-аналарымен жұмыс, мектептен тыс тәрбие мекемелерімен байланыс;
- ғылыми-теориялық білімді және кәсіби біліктілікті арттыру, алдыңғы қатар педагогикалық және жеке тәжірибені біріктіру;
- жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқу және енгізу.