5B012700 Математика-информатика

Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті → Математика және информатика кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 5B012700 Математика-Информатика мамандығы бойынша білім бакалавры.

Кәсіби қызмет саласы: білім; ғылым.

Кәсіби қызмет обьектілері:

  • орта, бастауыш және орта кәсіптік оқу орындары; 
  • ғылыми зерттеу орталықтары; 
  • мемлекеттік басқару органдары.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • білім беру;
  • ғылыми-зерттеу; 
  • әлеуметтік-педагогикалық. 

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • нормативті міндетті психологиялық-педагогикалық, математикалық және компьютерлік пәндерді, математиканы және информатиканы оқытудың әдістемелерін игеру;
  • педагогикалық, басқару қызметтерінің ғылыми негізін игеру;
  • педагогикалық ғылымдар және практиканың талаптары деңгейінде оқу-тәрбиелік процестерді ұйымдастыру;
  • ағымдағы, аралық және қорытынды үлгерім бақылауларын жүргізу және оларға тапсырма беру жинағын құрастыру;
  • барлық деңгейдегі математика және информатика бойынша олимпиадаларды және ғылыми байқауларды жүргізу және дайындау;
  • факультативтік сабақтарды жүргізу;
  • математика және информатика бойынша үйірмелерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • ғылыми-педагогикалық ақпараттар іздеу;
  • қосымша білім беру жүйесінде сабақ жүргізу;
  • оқушы ата-аналарымен жұмыс, мектептен тыс тәрбие мекемелерімен байланыс;
  • ғылыми-теориялық білімді және кәсіби біліктілікті арттыру, алдыңғы қатар педагогикалық және жеке тәжірибені біріктіру;
  • жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқу және енгізу.