7M01502 Математика

Математика және жаратылыстану ғылымдарының факультеті → Математика және информатика кафедрасы

Академиялық дәрежесі:

  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - 7M01502 «Математика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі;
  • бейінді бағыт бойынша - 7M01502 «Математика» мамандығы бойынша білім магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: ғылым мен білім саласында кәсіби қызмет.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • математика және механика, информатика және басқа да табиғи-техникалық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттары;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес меншіктегі жоғары оқу орындары;
  •  білім беру және жаратылыстану ғылымдары саласындағы мемлекеттік басқару органдары;
  • өз жұмысында математика әдістерін қолдана отырып, әртүрлі меншік нысандарын ұйымдастыру.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • білімдік (педагогикалық);
  • ғылыми-әдістемелік;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • жобалық;
  • өндірістік-технологиялық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

кəсіби қызметте танымдық ғылыми әдістерді қолдану, жаратылыстану ғылымдарының нақты методологиялық жəне философиялық мəселелерін білікті көрсетуді қамтамасыз ету, математикалық циклдің əртүрлі пәндері бойынша алынған білімді интеграциялау, педагогикалық үдерістің сапалы ұйымдастырылуы, жоғары оқу орындарында, орта мектепте математиканы оқытудың инновациялық әдістерін дамыту (оның ішінде гимназиялар, лицейлер), арнайы білім беру мекемелері, әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, тұлғалық бағытталған оқыту модельдерін құру, когнитивтік қызметтің белсенді оқыту әдістерін басқару, заманауи ақпараттық технологияларды қолданумен ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу.