Студенттерді тіркеу және қызмет көрсету орталығы

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 2018 жылғы 4 қыркүйегінде Студенттерді тіркеу және қызмет көрсету орталығы ашылды. СҚКО "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған, оның мақсаты қызмет көрсету стандарттары негізінде "бір терезе" қағидаты бойынша Оқу-білім беру процесінің қызметтерін жылдам және сапалы ұсыну болып табылады. 

СҚКО ашу- бұл қойылған міндеттерді шешуге өзіндік үлес қосу, сонымен қатар, университеттің қазіргі жағдайдағы даму трендінің бірі болып табылады. 

Орталықтың қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, оқу-білім беру процесінің қызметтерін алу кезінде ашықтық пен қол жетімділікке жағдай жасауға бағытталғаны өте маңызды. 

№1 28.08.2019 ж М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ОД-470 ректорының бұйрығымен 28.08.2019 ж университеттің ұйымдастыру құрылымына 02.09.2019 ж. бастап өзгерістер енгізілді және "QYZYLJAR" студенттерге қызмет көрсету орталығы мен Тіркеуші офисін біріктіру арқылы студенттерге қызмет көрсету және тіркеу орталығын құру. Студенттерді тіркеу және қызмет көрсету орталығы студенттік қауымдастықпен жан-жақты қарым-қатынасты барынша жақсартуға бағытталған және студенттер уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Студенттерді тіркеу және қызмет көрсету орталығы қызметінің негізінде студент-бағытталған тәсіл жатыр, сондықтан оның қызметінің негізгі принциптері білім алушылардың қажеттіліктерін түсіну және қанағаттандыру болып табылады, сапасы білім алушылардың үміттеріне сәйкес келетін қызметтерді іске асыру, өзара сыйластықпен құрылған білім алушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасау. 

Студенттерге қызмет көрсету және тіркеу орталығында ақпараттық-консультациялық көмек көрсету қызметтері қолжетімді. Ол үшін дайын анықтамалар мен транскриптерді беру жүзеге асырылатын "Reception" жұмыс істейді, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді. Анықтама немесе транскрипт алу үшін жеке деректерді көрсетіп, өтінімді қалдыру қажет. 

Бір уақытта студенттерге бірнеше терезелер қызмет көрсете алады. Қызмет көрсету электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. ЦОС қызметтерінің тізімі 7-ден 38-ге дейін өсті, оның ішінде 5 мемлекеттік қызмет, 33 Университет қызметі.

СҚКТО қызметінің негізгі мақсаты қызмет көрсету стандарттар негізінде «бір терезе» қағидасы бойынша білім беру процесінің қызметтерін ұсыну және білім алу процесінде тығыз байланыста болу.

Қойылған мақсатқа жету үшін СҚКТО келесі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:

  1. Сервистік қызметтерді оңтайландыру.
  2. Мемлекеттік қызметтерді және СҚКО қызметтерін ұсынумен байланысты процестерді басқару, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтардың көріністерін жою үшін жағдай жасау.
  3. Оқу пәндеріне білім алушыларды тіркеуге байланысты удерістерді баскару.
  4. Меңгерген кредиттерді есепке алу.
  5. Аралык жэне корытынды аттестаттауды үйымдастыру.
  6. Университетте білім алушылардың оку жетістіктерінің барлык тарихын жүргізу.

СҚКТО қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:

  1. Білім алушылар мен түлектердің оқу-білім беру процесіне қызмет көрсетуге өтініштерін қабылдау.
  2. Білім алушылар мен түлектерге ақпараттық-консультациялық көмек.
  3. Оқу білім беру процесінде көрсетілген қызметтердің мониторингі.
  4. Оқу пәндеріне тіркеуді ұйымдастыру.
  5. Аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру.

Студенттерге қызмет көрсету және тіркеу орталығында ақпараттық-консультациялық көмек көрсету қызметтері қолжетімді. Ол үшін "Reception" жұмыс істейді. Мұнда дайын анықтамалар мен транскриптерді беру жүзеге асырылады. 

СҚКТО-да қызметті кеңесшінің көмегіне жүгінбей-ақ өз бетінше алуға болады. Ол үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Анықтама немесе транскрипт алу үшін жеке деректерді көрсетіп, өтінімді қалдыру қажет. 

Телефон: +7(7152) 49-32-52

Мекен-жайыс: №2 оқу корпусы, 1-қабат/ №3 оқу корпусы, 3 қабат, 341 кабинет

Электрондық мекен-жайы: cor_skgu@mail.ru