23.06.10 - О «Жасыл ел» жасағы 6 жыл бойы елімізді көркейтуге өз септігін тигізіп келеді. .

«Жасыл ел» жасағы 6 жыл бойы елімізді көркейтуге өз септігін тигізіп келеді. Ұлан-байтақ жеріміздің 14 облысында жүргізілетін бағдарлама бойынша 114 мың адам еңбек етуде.Биылғы жылы университетіміздің 200-дей студенті «Жасыл ел» құрамында тіркелген.

Мемлекетіміздің саясатын қолдау мақсатында студенттер жыл сайын бұл бағдарламаға белсене қатысады..Олардың ойынша «Жасыл ел» табиғатқа деген көмек қана емес, сонымен қатар өз денсаулықтары үшін де пайдалы болмақ.Студенттер ағаштарға күтім жасап, орман ішін қоқыстан тазартуға барынша күш салуда. Болашақтарынан зор үміт күттіретін жастардың еңбектері босқа кетпейтіні ешкімде күмән тудырмайды.

«Жасыл ел» бағдарламасымен қатар студенттер құрылыс жасақтарының құрамында да еңбек етеді.Оқу ордамызда студенттер құрылыс жасағы жаңа маусымының салтанатты ашылуы өтті. 2004 жылдың 7-ші мамырында облыс әкімшілігінің қолдауымен «СҚ облысының студенттік жастар еңбек жасағының штабы» атты қоғамдық ұйымы заңды түрде бекітілді.Сол кезеден бастап,құрылыс отрядтарында жұмыс алға басты.

Жасақ құрамындағылар жазғы лагерьлерде, мектептердің алаңдарында жұмыс істемек.СҚЖ-ның қозғалысы мемлекетіміздің, әрі қоғамымыздың өмірінде жарқын патриоттық көрініс тауып отыр. Республикалық СҚЖ-ның осы бастауы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, студенттер легінің жасақ қатарына қосыла түсетініне нық сеніммен қараймыз.