21.05.10 - Омбы қаласында өткен «Экспресс-2010» атты 4-ші университетаралық жарнама фестивалінен оралды .

Таяуда университетіміздің журналистика мамандығының 2 курс студенттері Омбы қаласында өткен «Экспресс-2010» атты 4-ші университетаралық жарнама фестивалінен оралды. Ресейлік 19 команда ішінен біздің студенттер жүлделі 3-ші орынға ие болды. Фестиваль ұйымдастырушылары – Омбы мемлекеттік университеті менеджмент және экономика институтының «Қоғаммен байланыс» кафедрасы мен «Теле2-Омск» жабық акционерлік қоғамы болды. Біздің студенттеріміз фестивальдің екі бағыты бойынша қатысты - әлеуметтік жарнама және коммерциялық жарнама. Міне осы екі аталымда да олар жүлделі атанды.

- Әлеуметтік жарнамаға әр түрлі тақырыптар ұсынылды. Оның ішінде «Жастар мәдениеті мен демалысы» , «Әлем саяхатшы көзімен», «Мұнда туристер болды» және басқалар. Біз таңдаған тақырыбымыз – «менімен біреу сөйлессе екен» деп аталды, дейді топ жетекшісі Семен Кушнаренко.

Шынымен, қазіргі уақытта жастар арасындағы басты мәселелердің бірі – ғаламторда ұзақ уақыт өткізіп, виртуалды қарым-қатынасқа беріліп кету. Сайысқа қатысқан бейнеролик нақ осы мәселені көтерген болатын.