17.05.10 - 29 сәуірде Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арнап қаламызда кикбоксингтан республикалық жарыс өтті. .

29 сәуірде Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арнап қаламызда кикбоксингтан республикалық жарыс өтті. Мұндай үлкен шараны ұйымдастыру біздің университетімізге бұйырды. Чемпионатта 18 команда бақ сынасты. Бұлардың барлығы республикамыздағы жоғары оқу орындарының студенттері. Солардың қатарында біздің студенттер де сайысқа белсене қатысты. Университет намысын 12 спортшы қорғады.

Өңіріміздің екі спортшысы әлемдік жарысқа жолдама алды. Университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Мүкарам Тайжанова университет құрамасына игі тілегін жолдады.

Ойынның командалық есебінен үшінші орынды Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты місе тұтты. Екінші орынды Семей мемлекеттік педагогикалық институты және өңіріміздегі ҚР ішкі істер министрлігінің ішкі әскерінің әскери институты екеуі бөлісті. Командалық есепте біздің оқу ордамыз жеңімпаз атанды. Жалпы университетіміздің қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медальдары түсті. Спорттың бұл түрінен әрдайым жеңіс тұғырынан көрінетіндер дене шынықтыру факультетінің студенттері. Атап айтар болсақ, осы сайыста бірінші орын алған Денис Кузин, екінші орынды еншілеген Рахымбек Зейнуллин және қола медальға ие болған Рауан Смағұлов. Жеңімпаздар келесі жарысқа дайындалмақ.