![]() |
| 11.05.10 - Университет спортшылары Риддер және Өскемен қаласына үшінші қысқы спортакиядаға барып қайтты. . |
Университет спортшылары Риддер және Өскемен қаласына үшінші қысқы спортакиядаға барып қайтты. Бұл жарысқа 27 команда қатысқан болатын. Олар спортакиадада армреслин, биотлон, шаңғы тебу және тағы басқа спорт түрлерінен күш сынасып, жүлделі орындарды иеленді. Жас спортшыларымыз 8 алтын, 6 күміс, 14 қола медальдарымен және 8 кубокпен олжалы оралды. - Мен бұл жарыста биотлон және шаңғы жарысына қатыстым. Жалпы сайыстың ұйымдастырылу деңгейі жоғары болды. Басқа құрамалардың дайындықтары да жақсы. Енді алдағы жарыстарға дайындалуды жоспарлаудамын, дейді Марина Вострикова. Жарысқа тек дене шынықтыру ғана емес, басқа да факультеттің үздік спортшылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте оқу орнымыздың құрамасы үшінші орынды иеленді. Университетімізде өткізілген жиында спортшыларға медальдар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Бұл біздің университетіміздің үлкен жеңістерінің бастамасы болмақ.
|