19.04.10 - Университет маржаны - 2010 .

Таяуда университетімізде «»Университет маржаны – 2010» сұлулық байқауы өтті. Бұл жарыста 17 сұлу бақ сынасты. Сайыс 4 бөлімнен тұрды. 1-бөлім «Сәлемдесу» деп аталды. Мұнда университет аруларымыз 3 тілде нәзік жандардың бойына дарыған қасиеттер жөнінде қысқаша тоқталды. Бұл кезде көрермендер қатысушылардың электронды слайдтарда берілген суреттерін тамашалады. Сайыскерлер келесі бөлімге әзірленгенше, оқу орнымыздың басқа да өнерлі жастары сахнаға шығып, көпшіліктің назарын аударды.

Екінші, шығармашылық бөлімде жиналған қауым университет маржандарының өнерлеріне тамсанды. Кейбіреулері әсем әндерімен таң қалдырды. Енді біреулері көрікті билерімен жұртшылық ықыласына бөленді. Үшінші бөлімде қатысушылар жағажайға арналған киімдерін киіп, көрермендерге жаз мезгіліндей көңіл-күй сыйлауға тырысты.

Соңғы бөлімде оқу ордамыздың арулары сәнді көйлектерімен кештің ажарын аша түсті. Жарыс соңында әділқазылар алқасы қорытынды шешімдерін шығарды. Бұл шешімге көрермендердің де әсері мол болды. Мәселен, Полина Галахова «Көрермендердің сүйіктісі» және «Estel профэшнл» номинациясында үздік болса, Сабина Халилова – Мисс Faberlic, ал Динара Жайлакбаева ең әдемі ару деп танылды. Сол сияқты Мария Хлевная – «Айналайын», Нина Фадеева – «Мисс Грация», Алина Алифтенова – «Мисс Фотомодель», Әсел Қуандықова – Мисс таңғажайып номинациясына иеленді.

Биылғы 2010 жылғы бұл сайыста бағы жанып, «Университет маржанына» лайық деп танылған - Энергетика және машина жасау факультетінің студенті Анар Жұмабаева. Ай қабақ, алтын кірпік аруымыз Анар көкірегінде толған қуанышын бізбен бөлісті.

Бүгінде университет маржанына мамыр айында Қостанай қаласында өтетін «Солтүстік аруы 2010» сайысына шақыру түсіп отыр.Біз болсақ, Анарға алда биік белестерден көрінуін тілейміз.