![]() |
| 17.03.10 - Университетіміздің 4 студенті Алматы қаласында өткен шет тілінен республикалық олимпиадада жүлделі оралды . |
Университетіміздің 4 студенті Алматы қаласында өткен шет тілінен республикалық олимпиадада жүлделі оралды. Герман филологиясы кафедрасының студенттері бұл олимпиадаға алғаш рет қатысса да бірден жүлделі болып келді. Атап өту керек, білім сайысының 215 қатысушысы ішінен озу оңайға түспеді. Білім сайысы Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университетінде екі кезеңде өтті. Біздің командамыз Қазақстанда ең үздік болып табылады. Өйткені біз ылғи жүлделі орындарды алып отырамыз, - дейді герман филологиясы кафедрасының меңгерушісі Майра Кәкімова. Андрей Хомутовский шет тілі мамандығының 3 курс студенті. Ол республикалық жарыстан екінші орын алып қайтты. Ал болашақ аудармашы Александр Балацкий жеткен жетістігі үшін өз алғысын топтың жетекшісі Евгений Тетюхинге білдіруде. Оқытушы студенттерді үш ай бойы дайындап, үлкен қолдау көрсетті. Мен бірінші кезеңнен өте алмадым. Кейін Евгений Петровичтің нұсқауымен аппеляцияға беріп, оны жеңіп алдым, - Александр Балацкий. Білімді де талапты жастардың еншілерінде грамоталар мен алғыс хаттар. Бірақ басты марапат – алған тәжірибе, - дейді студенттер. — Біз осы сайыста мол тәжірибе жинадық. Мен бір орында тоқтамай, әрі қарай білімімді шыңдап отыру қажет екенін түсіндім, -дейді студент Татьяна Рогова. Ал энергетика және машина жасау факультетінің студенттері де Қарағанды қаласында өткен техника пәндері бойынша олимпиададан құр алақан келмеді. Еліміздің басқа жоғары оқу орындарынан келген 70 тен астам студенттің арасынан топ жарып, үш студентіміз екінші жүлделі орынға қол жеткізді. Жалпы техникалық мамандықтарында оқитын студенттер арасында осы сынды республикалық жарыс екінші рет өткізілді. СҚМУ студенттері білім сайысына алғаш рет қатысқанмен, бірден жүлделі атанғаны қуанышты жайт. - Олимпиада атақты Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтті. Біз ондағы өзіміз сияқты техника мамандықтарында оқитын студенттермен таныстық. Зертханаларын араладық. Жалпы бұл сапарымыздан мол әсер алып қайттық, - дейді олимпиада қатысушысы Дәмелі Шығарбаева.
|