![]() |
| 22.11.09 - Күніне орай студенттер. . |
Осы айда СҚМУ-де Халықаралық студенттер күніне орай студенттер арасында өзін өзі басқару өтті. Бұл күндері студенттердің өздері оқытушы, кафедра меңгерушілері, тіпті деканның да міндетін атқарды.
Мәселен, Тіл және әдебиет институтында бұл күндер қарашаның 17-і мен 20-сы аралығында өтті. Осы күндері көптеген студенттік акциялар ұйымдастырылды (рейдттер, кезекшіліктер). Институттың белсенді тобы студенттерге «Студенттердің жолсерігі» деген студенттердің өзін ұстау ережелері жазылған парақшаларды таратты. Сонымен қатар белсенді топ 1 курс студенттерінің жиналысын және «Қарым-қатынас құпиялары» атты дөңгелекүстел ұйымдастырды. Студенттер мен оқытушылар қарым-қатынас проблемаларын талқылауға қызу қатысты. Ойын-треннинг түрінде өткізілген дөңгелек үстелде оқытушылар мен студенттер әңгемелесуші адамды тыңдай білудің маңызын атап өтті.
Студенттердің өзін-өзі басқару қорытындысы факультет старосталардың отырыстарында жарияланды.
|