![]() |
| 05.11.09 - Өткен аптада Білім және ғылым министрлігінен келген қызметкерлер СҚМУ-нің студентерімен кездесуде «Болашақ» білім бағдарламасы жайында толығырақ мәлімет беріп, оның жүйесімен таныстырды. Сонымен қатар білім грантына қалай қол жеткізуге болатыны жайында пайдалы кеңестерін берді. . |
Кездесуге келушілер аталмыш білім бағдарламасының түлектері. Солардың арасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып, өз қызметін жемісті атқарып жүрген облысымыздың жалғыз түлегі Ермек Арғынов та болды. Делегация жетекшісі Әукенов Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алған. Бүгінгі күні осы бағдарлама ұйымының мүшесі болып қызмет атқарып жүрген ол студенттерге сол жүйе бойынша білім алуға ниет танытушыларға оқуға түсудің екі түрін атап айтты. Біріншілері жалпы іріктеумен түсетіндер болса, екіншілері дербес, өз қалауы бойынша ниет танытушылар тобы дейді. Оқуға түсуге деген алғашқы дайындық төлқұжаттарды дайындаудан бастау алса, кейін психологиялық тексеруден және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты сыннан өтетін болса, соңынан шет тілін қаншалықты білетіні қаралады. Студент түсетін ЖОО өзі таңдайды. Кездесудің бірінші жартысында болған студенттердің алған әсерлері мол болды. Студенттермен кездесуден кейін Болашақ бағдарламасы ұйымының мүшелері студенттер альянсымен, яғни университетіміздің белсенділерімен жүздесті. Еліміздің барлық аймақтары бойынша ағартушылық, танымдық кездесу 5 аймақты қамтып үлгерген. Атап айтатын болсақ Талдықорған, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қостанай аймақтарында жастармен кездесіп қайтқан ұйым мүшелері Петропавлға да ат басын бұрып, біздің студенттерге бағдарламаның барлық функцияларымен таныстырды. Болашақ бағдарламасының түлектері Елбасы саясаты туралы көзқарастарын айтып, президентіміздің жолдауы жайында, ондағы оларға білім төңірегінде жасалған игіліктерге қатысты ой-толғауларын айтып, өздерінің оқудан алған әсерлерімен бөлісті. Студенттерге жалпы түсінуге тиісті басты мәселе ол болашаққа аттанушының басты міндеті ел игілігі үшін қызмет етіп, жарқын болашаққа көпір салу. Өйткені ел беделі студенттердің қолында.
|