![]() |
| 14.10.09 Сапалы білім мен ғылымсыз қазіргі заманғы әлемде Қазақстанның келешегі жоқ . |
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 75 жылдығын атап өтіп жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болып, мерекелік шараларға қатысты. Соның ең бастысы - Елбасының университеттің профессорлар мен оқытушыларына және студенттеріне арнап оқыған дәрісі интерактивті режіммен еліміздің ірі жоғары оқу орындарында көрсетілді. Дәрісті М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің ұжымы мен студенттері де тамашалады.
Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін" тақырыбындағы Елбасының лебізін республика бойынша бір мезетте 50 мың оқытушы мен студент тыңдады. Президенттің сөйлеген сөзі интерактивті режіммен Қазақстанның ірі-ірі жоғары оқу орындарында берілді. Бұл дәрісте Елбасы әлемдік экономикалық дағдарыс және одан шығу жолдары туралы ой пікірлерімен бөлісті. - Сапалы білім мен ғылымсыз қазіргі заманғы әлемде Қазақстанның келешегі жоқ Сондықтан да экономиканың барлық саласында қаржы жетіспеушілігі сезіліп отырған күрделі жағдайға қарамастан мемлекет жаңа білім нысандарының құрылысына сондай ақ ғылымды қолдауға қаржы тауып отыр, деді елбасы өз сөзінде. Дәріс барысында Елбасы «Интеллектуалды ұлт 2020» деген жобаға терең тоқталды. Қазақстанға біздің ұлтымыздың әлеуе¬тін оятуға және жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет. Біздің ендігі міндет - қазақстан¬дық¬тардың, бірінші кезекте жастардың білім¬ділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. Орта білім белсенді, білімді және та¬быстарға бағдарланған тұлғаларды тәр¬бие¬леуге жауап береді. Оқушылар "ешқашан бас¬тауды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды бас¬тама" деген ақиқаттан адаспаулары тиіс... Соңғы бес жылда қазақстандық ғы¬лым¬ды қаржыландыру төрт есеге жуық ұл¬ғайып, үстіміздегі жылы 18,5 миллиард тең¬гені құрады. Ғылымды дамытудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жақын арада ғылыми жүйеге қатысушылардың бар¬лық шешуші функциялары оңтайлан¬ды¬ры¬латын болады. Қазір артық буындар қысқартылуда. Енді ғалымдар қаржыландыру үшін тікелей мамандандырылған ғылыми кеңестерге жүгінетін болады. Сондай-ақ ғылыми қызметті қар¬жы¬лан¬дырудың жаңа гранттық жүйесі енгізіледі. Ғылым ин¬новациялық экономиканың негізі болуы тиіс, деді елбасы. Президент сөзінің соғында алдағы ке¬зең¬де әлемнің ғылыми-технологиясына үлкен ықпал ететін төрт негізгі бағыт айқындады. Бұлар: биотехнология және био¬хи¬мия, экоэнергетика, экология және антикәрілік басқаша айтқанда өмірді ұзарту мен жасаруды зерттеу. – Бұл зерттеулер қаншалықты күрделі көрінгенімен, адамзат ерте ме, кеш пе бұл мәселелердің бәрін шешеді. Біздің ға¬лым¬дарға
|