18.09.09 Өткен аптада университетімізде облысымыздың құрметті азаматы, ұлағатты ғалым Феликс Сим есіміне арналған дәрісхана ашылды. .
Феликс Алексеевич университет қабырғасындағы жұмыс жылдары өз қызметін философия пәнінінен оқытушылық қызметінен бастап, кейін 1993 жылдан өмірінің соңына дейін СҚМУ бірінші проректоры қызметін атқарған болатын. Оқу ордамызда 50 жылға жуық еңбек еткен құрметті азаматымыз педагогика және ғылым төңірегінде көптеген еңбек сіңірген. Университетіміздің шаңырағында ұлағатты ұстаз Феликс Алексеевич Сим атындағы дәрісхананың тұсаукесер рәсіміне туыстары, әріптес достары, тіпті шәкірттері де келді. Лентаны кесу рәсімі университет ректоры ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі профессор Оңдасын Әшімовке берілді.

Әлеуметтік мәні зор орасан еңбек атқарған Феликс Алексеевич жайында университет қабырғасында бірге қажымас қайратпен үлкен істерді тындырған тарих және құқық факультетінің деканы Болатбек Батыров ұлы тұлға жайында өз ой толғауын айтты.

Философиядан дәрістерін шәкірттеріне сүйсіндіре тыңдататын оқытушы жайында оның ізін қуған философия пәнінің аға оқытушысы Дильбара Бегалина қадірлі азаматтың есіміне ашылған дәрісхананы жас буынға естелік, әрі үлгі дейді.

Сим Феликс Алексеевичтің 40-қа жуық еңбектері университет студенттерінің күні бүгінге үлкен қолданысына ие оқу құралдары болып табылады. Бұл оның профессорлық еңбегінің жоғары бір шыңының көрсеткіші. Феликс Алексеевичті тірісінде көргендерден сұрасаңыз осынау ұлы тұлға олардың жадында білікті маман, өз ісіне адал, өне бойы қайырымдылық пен адамгершілікке толы азамат ретінде ғана сақталған.