27.05.09 - Өткен аптада Елордамыз Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университететінің ғалымдары студенттермен кездесіп, Елбасымыз жүзеге асырып жатқан еуразиялық үрдісі жайында әңгіме жүргізді .
Бұл жиын Елбасының еуразиялық идеясын жүзеге асыру жолындағы қадамдардың бірі. Үстіміздегі жылдың мамырдың 10 күні Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінде Еуразиялық университеттері қауымдастығының 11 сьезі болып өтті. Аталмыш ұйым 1989 жылы құрылған болатын. Бүгіндері оның құрамына 98 университет кіреді. Еуразиялық университеттердің қауымдастығы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничийдің бастамасымен құрылды. Қауымдастықтың 20 жылдығына орай өткізілген 11 сьезіне президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Елбасы бұрынғы кеңестік мемлекеттер мен ТМД елдерінің бірігіп ортақ кеңістікке өтуіне ерекше назар аударды. Елбасымыздың бастамасымен еуразиялық ғалымдар қауымдастығы құрылған болатын. Оның мақсаты бұрынғы кеңестік кеңістігінде мәдени-гуманитарлық байланыс орнату. Жиынды ашқан университетіміздің бірінші проректоры Александр Тукачев өз баяндамасын оқыды. Баяндамашы еуразиялық үрдісінің білім беру саласына пайдасы жайында сөз етті. Еуразия ұлттық университеті өкілдері аталмыш сьезден түсірілген бейнематериалды ұсынды. Онда президентіміз еуропа мен азия елдерінің мәдени-гуманитарлық жақындасуының тиімді жақтарына тоқталды.

Елбасы бұрынғы кеңестік елдерінің жоғары оқу орындары арасында студенттермен алмасудың берері мол екенін атап өтті. Университетіміздің қонақтары Еуразия ұлттық университетінде биыл ашылған пи-эйч-ди докторонтура мен магистратураға түсу талаптарымен таныстырды. Және де өз елімізде студенттермен алмасуын дұрыс жолға қою қажеттігін ерекше атап өтті.