![]() |
| 27.05.09 - Таяуда университетіміздің педагогика және психология мамандығының 3 курс студенттері 4-ші республикалық педагогикалық олимпиадасында бас жүлдеге ие болды. |
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ұранымен өткен сайыс мамырдың 15і мен 16сы күндері Бурабай демалыс аумағында орналасқан Балдәрен оқу-сауықтыру орталығында өтті. Байқауды ұйымдастырған ҚР білім және ғылым министрлігінің Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Сайыстың басты мақсаты – болашақ педагог мамандардың шығармашылық жағынан қолдау. Олимпиада 4 аталым бойынша өтті. Оған мектеп және колледждердің оқушылары, студенттер мен жас мұғалімдер қатысты. Сайыс бірнеше кезеңге жалғасты. Сонымен қатар олимпиада шеңберінде педагогикалық жаңашылдықтар фестивалі де өтті. Оған мектеп, гимназия, лицей ұстаздарының педагогикалық жобалары ұсынылды.
Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы бұл олимпиадаға барлық аталымдар бойынша қатысты. Атап өтерлік жайт, біздің университетіміздің студенттері байқаудың барлық кезеңдерінде өздерін жоғары дәрежеде көрсетіп еліміздің 15 жоғары оқу орындары арасында бас жүлдегер атанды. Бұл олимпиадағы алғаш рет қатысқан студенттер осынау шаралардың өздері үшін берері мол екеніне көз жеткізді. Аталмыш сайыстағы екінші орынға Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті ие болса, үшінші орынды еуразиялық гуманитарлық институты иеленді.
|