![]() |
| 13.05.09 - Өткен аптада университетіміздің үздік студенттері, аз қамтылған отбасылардың және белсенді студенттер Елордамыз Астана қаласына саяхатқа барып қайтты. . |
Саяхатты университет әкімшілігі мен «Прогресс» туристік агенттігі ұйымдастырды. Елордаға барлығы 80 студент жіберілді.
Ал оқу орнының тағы 80 студенті Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы тарихи жерлерде болып қайтты. Ондағы Қарасай-Ағынтай мемориалдық кешенін, Сырымбет ауылындағы Шоқан Уалиханов атындағы тарихи-этнографиялық мұражайын және Шоқанның әжесі Айғаным қонысын аралады.
|