![]() |
| 13.05.09 - Жұма күні қаржы министрі Болат Жәмішев бастаған Елбасы Жолдауын жұртшылыққа түсіндіріп жүрген ақпарат-насихат тобы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерімен кездесті. |
Кездесуге облыс әкімі Серік Біләлов, Парламент Мәжілісінің депутаты Иван Чиркалин де қатысты.
Студенттермен кездескен министр бір сағаттай уақытқа созылған баяндамасында экономикалық қиындықтың неден пайда болғанынан бастап, оны еңсеру мақсатында қолға алынған шараларға дейін егжей-тегжейлі тоқталды. Қаржы министрі кездесуге қатысушылардың жазбаша және ауызша қойылған сауалдарына да жауап берді.
|