27.04.09 -«Марғұлан оқулары - 2009»
Университетімізде «Марғұлан оқулары - 2009» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция археологтардың, археология ғылымының өкілдерінің қатысуыменен өтті. Жалпы облысымызға екінші рет дәл сол іс-сапармен келген қонақтарымыздың солтүстік өңіріндегі Марғұлан оқулары жоғары деңгейде өтетінін атап айтты.

Пленарлық отырыста қазіргі таңда археология ғылымындағы жұмыстарды талқылауға, жаңа ашуларды ортаға салуға, жаңа ақпараттар алмасып, қорытындылауға бағытталған. Әлкей Марғұлан атындағы археология ғылымының институты директорының орынбасары Жұман Смайылов «археология және бағдарлама «Қазақстан мәдени мұрасы 2007-2009» тақырыбындағы баяндамасын оқудан бастаса, кейін басқа қалалардан келген қонақтар өз жұмыстарымен таныстыруын жалғастырды. Үш күн бойы өтетін аталмыш іс-шараның ішінде оқылуға тиісті баяндаманың жалпы саны 122-ге жуық. Ѫс-сапармен келген қонақтар 18 жоғары оқу орнынан, 17 ғылыми зерттеу және проблемалық лабораториялар орталықтарынан келген. Баяндама авторларының саны 135 адам. Соның 9 ғылым докторы, 25 ғылым докторының кандидаттары. Қонақтардың дені тек өзіміздің Республикамызбен шектелмеген. Марғұлан оқуларына Қырзыстаннан, Ресейден келушілер қатары да болды. Конференция өз жалғасын университет бойынша саяхатпен жалғасын тапты. Алыстан келген қонақтар назарына жоғары оқу орнының жұмыстарын қадағалау бойынша электрондық жүйе презентациялары көрсетілді. Соның ішінде студенттерге арнайы құрылған білім беру порталымен, оның жүйесімен толыққанды таныстырды.

Сонымен қатар астрофизикалық орталықтағы обсерватория мен планетарийде болған қонақтарымыз аспан әлемін тамашалады. Қонақтарымыз үлкен қарқынмен салынып жатқан жүзу кешенінде де болды. Ондағы жүзу кешенінің құрылысымен таныстырылып, оның университет көлемінде ғана емес сонымен бірге аймаққа да тигізер пайдасына көздері жетті.