27.04.09 - Осы жолы СҚМУ-ға жапон делегациясы келіп қайтты.
Біздің оқу ордамыз қонақтарды жиі қарсы алады.Осы жолы СҚМУ-ға жапон делегациясы келіп қайтты.

Өнеркәсіп пен кәсіпкерлік департаментінің басшысы Валерий Иванович кездесуде қонақтардың СҚО келу мақсаттарын атап көрсетті.

Осы жолғы қонақтар халықаралық «Джайко» ұйымының өкілдері. Олар Астана қаласын дамыту жоспарын,Семейдегі медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру, Маңғыстау облысының дамуын зерттеу және т.б. жүйелерді жетілдірген болатын.Енді бұл ұжым Солтүстік Қазақстанға келіп отыр.Қонақтар біздің университетімізге өздерінің ұйымдары жайлы түсінік беріп өтті.

Оқу ордамыздың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Александр Андреевич Тукачев университетіміздің зерттеу жұмыстары мен жетістіктері жайлы атап өтті.Екі жақ та қарым-қатынастарын қуана жалғастыратындарын жасырмады.