17.04.09 - «Университет маржаны-2009»
Таяуда университетімізде «Университет маржаны-2009» дәстүрлі сұлулық байқауы өтті. Әуелі қатысам деушілердің арасынан іріктеу жүргізіледі. Байқауға тек ұзын бойлы, қыпша бел, әрі өнерлі қыздар таңдап алынады. Кейін тынымсыз дайындық басталады. Қыздардың жүздерінде күлкі, қуаныш. Қобалжып жүргендері де бар. Бірақ осындай байқауға қатысу, әрі жеңімпаз атану әрбір үміткердің алдына қойған басты мақсат. Байқау «сиқырлы әлемдегі гүлдер» деп басталады. Әсем қимылдары, өздеріне сенімді жүрістері көрермендерді бей-жай қалдырмады. Өзін-өзі таныстыру кезеңінде қатысушылар өздері жайында үш тілде қысқаша әңгімелеп берді.

Кейін әр қайсысы өз өнерін ортаға салды. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» дегендей қатысушылар кәсіби әнші мен биші болмаса да нөмірлерін бар шеберліктерімен орындады. Бидің күрделі элеметтері және шығыстың әсем әндері, әртістік шеберліктері керемет қыздардың дайындығының жоғары екенін көрсетті.

Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті. Ең соңғысы «Университеттің ең әдемі гүлі» деп аталды. Мұнда аруларымыз өздерінің киген киімі мен жүріс тұрысы мен көрермен қауымды таң қалдыра білуі қажет болды. Марапаттау рәсімі де жетті. Бас жүлдемен бірге аруларды бірнеше номиция бойынша марапаттады. Көрермендер көзайымына Зарина Бердібекова айналды. Жазира Қалдарова– ең «Әдемі» деген атаққа лайықталды. «Мисс фотомодель» Татьяна Дмитрова болды. «Айналайын» -Зарина Бейсенбаева. «Мисс таңғажайып» -Елена Талмачова. «Мисс грация» - Ирина Зарянова. Ал «Мисс Фаберлик» және СҚМУ-нің әділқазылар шешімі бойынша бас жүлдені «Университет маржаны» тәжін Жанна Мұқатаева тақты.

Байқаудың соңында әрбір факультет декандары студенттеріне гүл шоқтарын сыйлап, құттықтады. Университет маржаны атанған аруымызға ноуд бук сыйға тартылды.