08.04.09 - Әдістемелік семинар.
Оқу орнымызда неміс тілін оқыту әдістері жайында оқытушыларға арналған семинар өтті. Шеберлік дәрістерін Алматыдан келген Германиядағы Гете атындағы институты орталығының өкілдері жүргізді. Гёте атындағы институты - халықаралық оқу орны болып табылады. Институттың орталығы біздің елімізде Алматы қаласында орналасқан. Аталмыш оқу орнының серіктестері Республикамыздың 5 қаласында, атап айтатын болсақ Қостанайда, Астанада, Қарағандыда, Өскеменде және Павлодарда бар. СҚМУ-не Германиядан келген Қостанай қаласының тіл ассистенті Яна Дюмлер Герман филологиясы кафедрасына неміс тілін оқыту әдісіне қатысты семинар өткізді.

Семинар екі күнге жоспарланды. Бірінші семинар неміс тілін үйрету әдісі жайлы болса, екіншісі студенттер арасында елтану тақырыбында болды.

Семинардың оқытушылармен қатар студенттер үшін де берері мол. Өйткені болашақ мамандар тілді үздік меңгерудің қыр-сырымен танысады. Семинарда тілге қатысты өз білімін қолданып, өзін-өзі сынауға, сол тілдің ұлтымен тілдесу арқылы тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай семинарларға қатысу арқылы студенттер неміс тілін қай деңгейде меңгергенін, қаншалықты жақсы түсінетінін тексере алды. Оны тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы айқын байқауға болады. Студенттер мен оқытушылар арасында орындалған тапсырмалар сол уақытта тексеріліп, сарапқа салынды.