RU KZ ENG

Колледж туралы

Мамандықтар жайлы мәлімет

Директор
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
Көп салалы колледжі

2007 жылы 21-ші маусымында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің №0054549 орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін атқаруға Мемлекеттік лицензия алынды. 2009 жылы мамандық классификаторын енгізуге байланысты жаңа лицензия алынды.

01.09.2009 жылы Көп салалы колледждің оқушылар саны – 498 адам. (күндізгі бөлім).

«Дизайн», «Саздық білім беру», «Дене шынықтыру және спорт», «Байланыс желілері және коммутация жүйелері» мамандықтары бойынша 81 оқушы 9 сынып негізінде қабылданды. Техникалық мамандықтардың 105 оқушысы мемлекеттік білім тапсырмасы бойынша жол картасы негізінде оқытылады.

Колледжде 0510000 «Іс-қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы мемлекеттік тілде оқытылуда.

2007-2008 оқу жылында колледжде директормен, әдіскермен және ЭЕМ операторымен қатар 29 оқытушы оқу кестесінің үрдісінде қамтамасыз етті, ал 2009-2010 оқу жылында колледждің педагогикалық ұйымы 85 қызметкер.

Сабақ кестесін университеттің Орталық Диспетчерлік Қызметі құрастырады. Апталық жүктеме-36 сағат.

Көп салалы колледж М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың материалдық-техникалық базасын қолданады.

Оқу үрдісі аптасына 6 рет сынып сабақ негізінде университеттің барлық корпустарында өткізіледі. «Дене шынықтыру» мамандықтары бойынша оқушылардың жүзу сабақтары «Дельфин» су қоймасында жүргізіледі, МЖ ББС сай құралған. Информатика пәнін өткізу үшін № 4 оқу корпусының дәрісханаларында, «Техника құру негіздері» пәні үшін зертханалар берілген. Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтарына арналған спорт залдары, тәрбие іс-шараларын өткізуге арналған акт залы берілген.

2008-2009 оқу жылының оқу жоспарларының келісімімен және оқу графигінің процесінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Көп салалы колледжі өндірістік практиканың 25 түрін, оның ішінде оқу практикасының -20, өндірістік-5 қарастырылды.

2008-2009 оқу жылына оқушылардың өндірістік практиканың өтуіне кесте құрылды. Практиканы өту үшін мынадай мекемелермен келісім шартқа отырды.

ЖШС «Транспортник»;
АҚ «БанкЦентрКредит»;
ЖШС «Парнер-Авто»;
ЖК Мартынюк Е.О.;
ЖШС «Аксесс-Энерго»;
М.М. «УВД г. Петропавловска»;
ОЖҰ «Мен – жаспын!»;
М.М. «Управление образования».

Педагогикалық оқу тәжірибелерін өткізуге қалалық білім департаментімен, Петропавл қаласындағы мектептермен, университеттің оқу бөлімімен келісім-шарттары бекітілген. 1 курс оқушылары тәжірибені бастауыш сыныптарда, 2 курс оқушылары орта сыныптарды өтеді. Ал техникалық мамандықтарда оқитын оқушылар тәжірибені №4 оқу корпусының арнайы зертханаларында өтеді.

Университеттің кітапхана қоры оқушыларды түгелдей дерлік қажетті оқулықтармен қамтамасыз етеді. Барлық колледж оқушыларына оқырман билеттері берілді. Кітапхана директоры орта кәсіби білім беруге арналған жаңа әдебиеттердің түсуін хабардар етеді. Колледж оқытушылары жаңа әдебиеттерді қолдану үшін қызметтік хат жазады. Тапсырыс берілген және иеленген оқу әдебиеттері 34000 басылымға жақын Колледж оқытушыларына сабақ кестесінде кітапхана сабақтары ұйымдастырылған.

Бұл сабақтарда оқушылар каталогпен, анықтама әдебиеттерімен, картотека-лармен қалай жұмыс істейтін мәліметтерімен таныстырылады.

Колледж оқушылары тәрбие жоспарына сәйкес университет көлемінде өткен мәдени іс-шараларға қатыстырылады, сонымен қатар Ю.Бугаева, Д.Фасахиев, Ж.Нуржаупова, Ф.Смирнов және Д.Санников облыс әкімінің ақшалай сыйлығын иеленді. Облыс көлемінде өткен КТК ойынына, жастар форумына қатысты.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Көп салалы колледжінің тәрбие жұмысының стратегиялық дамыту мақсатында – кейінгі ұрпақты тәрбиелеу мәселесін күшейту, өзін-өзі тәрбиелеу және оқытуға бағытталған оқушылар жұмысын ұйымдастыру, тәрбиелік, білімділік, кәсібилік маңыздылығын арттыру, жалпы адамгершілік құндылықтарға, Отансүйгіштік, адамгершілік, азаматшылдық, еңбекқорлық, интернационализмге тәрбиелеу, оқушылардың денсаулығы мен дене шынығуын дамыту, жалпы саяси және құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, болашақ мамандардың отансүйгіштік және интернационалдық тәрбиелеу, азаматтық ер жетуі, қоғамдық саяси белсенділігін дамыту.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің Көп салалы колледжінде ұлттық және мемлекеттік мерекелерге, атаулы күндерге орай конференциялар, салтанатты жиналыстар, дөңгелек үстелдер, дебаттар ұйымдастырылып, жүргізіледі. Сонымен қатар, 1-ші қыркүйек «Бірінші курстарды студент қатарына қабылдау», «Республика күні», «Студент күні», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «Ғашықтар күні», «8-наурыз», «Наурыз», «Наурыз-2009» шайхана, «Әзіл-күлкі күні», «1 мамыр», «Жеңіс күні» және көптеген басқа іс-шаралар.

Біздің колледжде оқушылар салауатты өмір салтына тартуға бағытталған спорттық іс-шараларға басты назар аударылады. Колледжде міндетті түрде қалалық күзгі кросқа, университеттің шаңғы жарысына, «Сұңқар» облыстық спартакиадасына баскетболдық турнирге, «Нұр Отан» халықтық партиясының ұйымдастыруымен, СҚМУ-нің факультеттер арасындағы волейболдан өтетін жарыста КСК жүлделі орындарға ие болып жүр.