«Күй анасы – Дина» атты музыкалық   кеш

 

Дина Нұрпейісова - қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бірі. Оның есімі Қазақстанның түкпір-түкпіріне, тіптен Одақ көлеміне де кеңінен мәлім. Халық Динаны күйлері ел арасына кең тараған дәулескер күйші әрі тамаша добырашы ретінде біледі. Ұлы Құрманғазының қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері халықтың аспаптық творчествосының тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып дарын.

 

Ғафура Бисенова, өнертану ғылымының кандидаты

 

 

 

Скругленный прямоугольник: Дина Нұрпейісова
(1861-1955)
Дина Нұрпейісова - қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, халықтың күйші-сазгері. Динаның әкесі Кенже домбырашы болған. Дина тоғыз жасында домбырашылық өнерді жақсы игерген. 1870 жылы Дина Құрманғазымен тұңғыш рет кездеседі. Жас Динаның болашағына сенген Құрманғазы оның өнерпаздығына дән риза болады. Мұның өзі болашақ үлкен өнер иесі Динаның шығармашылық тағдырына зор әсер етті. Ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық достық Құраманғазының «Менің оң қолым мен Динаның сол қолын бір кісіге берсе, дүниеде одан асқан домбырашы болмас еді», - деген сөздері айқын аңғартады.
Өнерге деген құштарлық, жалықпай іздену, табиғи талант, міне осының бәрі Динаның бойындағы өнерпаздықты өрге сүйрейді. Ол өз жанынан күй шығара бастады. Динаның тырнақалды туындылары- «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінен халық шығармашылығының дәстүрі айқын аңғарылады.


Дина Нұрпейісова- Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, сол кезеңде күйшілік өнерді жаңа бір белеске көтерді.

 

Скругленный прямоугольник: Қазақ тіліндегі әдебиеттер оқу залында ұлттық  музыканың өнер қуаты мен күйдің күштілік қасиетін    домбыра арқылы жеткізген, атақты күйші – композитор Дина Нұрпейісованың 150 жасқа толуына байланысты «Күй анасы -Дина» атты музыкалық кеш өтті .
Кешті ұйымдастырушы оқу залының меңгерушісі Темирова Гүлмира Нұрманқызы алғы сөзбен  ашты.

 

 

 

Скругленный прямоугольник: Музыка факультетінің күндізгі бөлімінің 1 курс студенті Таймышева Айнұр Дина Нұрпейісованың  өмірі мен шығармашылығына  тоқталып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скругленный прямоугольник: Музыка факультетінің 1 курс студенті Тасмұқамбетов Серіктің  орындауында  «Әсемқоңыр» күйі тыңдалды.

 

 

Скругленный прямоугольник: Музыка факультетінің 1 курс студентті Айтмағамбетова Жанерке  «Арнау»  өлеңін оқып берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Скругленный прямоугольник: Мағжан Жұмабаев атындағы  колледждің 1 курс студентті Қанафин Арман  «Науаи» күйін орындап берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Скругленный прямоугольник:  

 Кітапханашы Мұғалімова Раушан Кенесқызы Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы туралы  толық мағлұмат беретін жинақтармен таныстырып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скругленный прямоугольник: «Күй анасы-Дина» атты көрмеге  қойылған кітаптарға шолу.

 

 

 

Бұл  басылымдармен  №10 оқу ғимаратының 110, 302  дәрісханаларында таныса аласыздар.