Жоғары оқу орындарының ректорларына
М.Қозыбаев
атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
жанындағы қайта дайындау және біліктілікті арттыру институты Қазақстан
жоғары оқу орындарының оқытушыларын біліктілікті
арттыру курсына шақырады.
М.Қозыбаев
атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті
2005 жылы мемлекеттік сыннан (лицензия №0000211, 5.06.04 жылдан) жақсы өтті.,
жоғары дәрежелі профессорлық-оқытушылар құрамы
бар, жұмыс тәжірибесі бай, халықаралық байланысы кең,
астрофизикалық орталығы, ақпаратты-техникалық баспа
орталығы, аймақтық ақпаратты – оқу желісі, нақты-виртуалды
кешен кіретін материалды – техникалық базасы қазіргі заманға
сай келеді.
Қосымша кәсіпкерлік
білім берудің бір түрі ретінде, біліктілікті көтеру кәсіпкерлік
білімді жаңарту және тереңдетуді, білім саласындағы қызметкерлердің
іскерлік қасиеттерін жетілдіруді жобалайды. 2010 жылы жоғары оқу
орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар
ұсынылады. Біліктілікті арттыру курстарының тізбегі қосымша
берілген. (№қосымша)
Курстық ұзақтығы
– 24, 40, 72 сағат.
Сабақ жүргізу
мерзімі топтың жиналуына байланысты анықталады. Курс ақылы түрде
ұйымдастырылады. Бір тыңдаушыға оқытудың құны:
24 сағаттық
бағдарлама – 7.100 тг;
40 сағаттық
бағдарлама – 9.700 тг;
72 сағаттық
бағдарлама – 14.500 тг;
Төлем түрі
– ақшалай және ақшасыз төлем.
Курс аяқталғаннан соң
сертификат беріледі. Тыңдаушыларға, қажет болған жағдайда,
университеттің қонақкүй түрдегі жатақханасы
беріледі. Курсқа жазылу үшін
тыңдаушылар келесі құжаттарды алдын-ала тапсыруы қажет:
-
таңдап алған тақырыбы көрсетілген,
жазбаша тапсырыс (№2 қосымша)
-
жеке куәлік
-
төлем туралы түбіртек
-
шарттың бланкісін 2 данадан толтыру
Бізздің
мекен-жайымыз: Петропавл қаласы,
Пушкин көшесі, 85, 10 оқу корпусы, 204 кабинет; тел., факс (3152)
49-31-45. Біздің реквизитіміз: РГКП СҚМУ, РНН 4814400026615,
Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86
Біліктілікті
арттыру курстарының шамамен алынған тізбегі.
1. Қазіргі заманға сай білім беру
мен ғылым зерттеулерінің астрофизикалық әдістері – 40
сағат.
Қазіргі заман
астрономиясының әлемі: Күн системасына жаңа көзқарас
(планеталар және оның серіктерінің жаңа зерттеулерінің
нәтижелері бойынша шолу), Күн системасының кішкене денелері,
күннен тыс планеталық системалар, жер жүзіндегі өмір мәселелері,
экваторлық объетілер жайындағы жаңалықтар.
Астрофизикалық зерттеулердің жаңа және келешегі бар әдістер:
алып телескоптар, адаптивті оптика, нейтринді астрономия, гравитациялық
толқындар астрономиясы. ХХІ ғасырдың басындағы
астрономиясының негізгі жетістіктері. Қиыр ғарыш, Жер шарының
эволюциясы. Астрономиялық телескоптар. Оптикалық бақылаулардың
міндеті, тәсілдері мен әдістері.
Астрономиялық
зерттеулердің практикасында сәуле шашудың сандық қабылдағыштарын
қолдану: сандық камералар, ПЗС-матрицалар. Фетометрикалық,
позициондық, спектральдық бақылаулардың өңдеу
әдістері. Таяудағы космостың объектілерін оқып тану.
Станционарсыз жұлдыздарды оқудың міндеті, тәсілдері және
әдістері.
Интернет
желісінің астрономиялық қоры.
2. «Электроэнергетика» мамандығының
тәртібі бойынша зертханалық практикум ұйымдастыру және
жүргізу – 24 сағат.
Multisim, Electronics Workbench, MicroCap электротехникалық
сызбаларының құрылысы мен зерттеулері бойынша бағдарламалы
қамтамасыз етуді қолдана отырып зертханалық практикум жүргізу.
Мультимедиялық кешенді пайдалана отырып сабақ жүргізу тұсаукесерінің
дайындығы. LabVIEW-тегі бағдарламалау, National Instruments ақпаратының
жинағын қолдану арқылы нақты уақыттағы
электротехникалық жүйенің құрылысы мен
зерттеулері. «Электротехниканың
теориялық негіздері» атты нақты-виртуалды құрылымдағы
зертханалық практикум», «Электротехникалық жүйенің қорғанысы
мен автоматтануы», «Электр машиналары және электрлендірудің
негіздері.»
3.
«Машинажасау» мамандығы пәндері бойынша лабораториялық тәжірибелерді
өткізу және ұйымдастыру - 24 сағат.
Компас бағдарламалы
қамтамасыз ету арқылы конструкторлық құжаттамаларды
құру. Компас Автопровод бағдарламалы қамтамасыз ету арқылы
технологиялық құжаттарды құру. Компас бағдарламалы
қамтамасыз ету арқылы зертханалық практикумдарды ұйымдастыру
және жүргізу. Мультимедиялық кешенді пайдалана отырып сабақ
жүргізу тұсаукесерінің дайындығы. ГПУ жүйесінің
бағдарламалау негіздері. «Токарь станогы», «Фрезерлік станок», «Тыс
манипуляторы» нақты-виртуалды құрылымдардағы зертханалық
практикум.
4.
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» жасау мамандықтарының
тәртіптері бойынша зертханалық практикумдарды ұйымдастыру және
жүргізу – 24 сағат.
Multisim 9, Electronics
Workbench электрондық сызбалары құрастыру және зерттеу
бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып
зертханалық практикум жүргізу. Мультимедиялық кешенді
пайдалана отырып сабақ жүргізу тұсаукесерінің дайындығы.
«Электр байланыстарының теориясы» атты
нақты-виртуалды құрылымдағы зертханалық
практикум.
LabVIEW-тегі бағдарламалау,
National Instruments ақпаратын жинақтау платын пайдалана отырып нақты
уақытта құрастыру және зерттеу. Электрондық және телекоммуникациялық құрылымдар
мен жүйелерді Matlab және
Simulink ортасында нақты уақыты
тәртібіндегі имитациялық үлгісі.
5. Нақты уақытта үрдіспен жүйені
үлгілеу және идентификациялау үшін компьютерлік математика жүйесін
қолдану – 40 сағат.
Динамикалық жүйе
мен үрдістің математикалық модельдеу және
идентификациялау негіздері.
Matlab и Simulink ортасында
имитациялық модельдеу National Instruments платы мен Real Time Windows
Target бағдарламалық пакеті және Real Time Workshop жүйесін
Matlab-та нақты уақытта қолдана отырып, модельдеу.
«Электроэнергетика» және «Радиотехника, электроника, телекоммуникация»
мамандықтарының тәртіптері бойынша нақты-виртуалды
компьютерлік математика жүйесін енгізу.
6. Қашықтықта оқытуды ұйымдастыру
– 72 сағат.
Қашықтықта
оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру.
Кредиттік жүйедегі қашықтықта
оқыту. Қашықтықта оқытудағы құжат
айналым жүйесі. Электронды оқу баспасын құру негіздері.
Электронды оқу баспасының әрлендіруіне талап. Оқу бағдарламасын
жасау. Қашықтық курсты құрастыру құралы.
Оқу мультимедиялық кешенін жобалау. Электронды оқытудағы
білімді игерудің психологиялық механизмі. Электронды оқу
баспасы сапасының авторлық құқығы мен
сараптауы. Қашықтық курсты жүргізу. Тьютер жұмыстарының
ерекшеліктері. Білімді бағалау жүйесі. Интернетке кіріспе, оқу
порталы және электронды кітапхана түсінігі. Қашықтықтан
оқыту жүйесінің мүмкіндіктері.
7.
КОМПАС-3D V6 Plus бағдарламасын пайдалану – 24 сағат.
КОМПАС мүмкіндіктері,
КОМПАС-ГРАФИК-ке кіріспе. Сызбаларды хаттау, кітапхана менеджер
жүйесінің анықтамасы. Жаңа сызбалар, үзінділер, түрлер қиықтарды жасау.
Редактылау, масштабтау, жылжыту, деформациялау, бұрылыс,
эквидистанта. Өлшемдерді қою,
мәтін мен техникалық талаптарды енгізу.Глобалды және локалды
байлаулар, көмекші түзулер мен нүктелер. Масса-центрлі
мінездемелерді өлшеу, параметризациялау, есептеу. Қолданбалы
кітапханаларды кітаптарды пайдалана отырып, сызбаларды жасау. Үзінділері
бар сызбалар. САПР Компас-та конструторлық құжаттамалардың
шығуы, спецификация жұмысы мен қалыптасуы. Компас-тың
басқа САД, САЕ жүйесімен бірлесіп жұмыс істеуі. Пайдаланбалы
интерфейсті жасау, жаңа инструменталды панельдерді жасау. Үш өлшемді
үлгілеу болуы мүмкін.
8. Жоғарғы оқу
орнын меңгерудегі ақпараттық технология – 24 сағат.
Шешім қабылдауда қолдау
жүйесінің (ШҚҚЖ) жасалуы мен мінездемесінің
негізгі принциптері. ШҚҚЖ-ның білім саласында пайдалануы. СҚМУ-де
ақпараттық жүйені таңдау және негіздеу
технологиясын жүзеге асыру. «Оқу портал» ақпараттық-оқу
ортасының құрылымы мен негізгі кластері. «Прометей» қашықтықтан
оқыту жүйесі «WebTest» тестілеуінің жан-жақтылық
жүйесі «Электронды кітапхана». Тұтынушылардың қайта
оралым байланысының ақпараттық жүйесі. Web-саралау, интернет-сайлау, студенттік
форум, алғыс айту және ұсыныс кітабы, « Оқу порталының»
қорына кіру статистикасы.
Әкімшілік-басқармалық
персонал үшін ақпараттық-аналитикалық жүйелер.
«Электрон ректорат» ақпарат құрылымы. «Студенттер континенті»
АБЖ. «Студенттердің аралық бақылауы» АБЖ. «Студенттердің
үлгерімі» АБЖ. «Оқу жүктемесі» АБЖ. «Аудиториялық қор»
АБЖ. «Мультимедия технологиясы» АБЖ. «Студенттердің өздігінен жұмыс
істеу мониторингі» АБЖ. «Компьютер техникасын күту».
9. Электронды оқу
құралдарын жасау – 40сағат.
Электронды оқулықтарды пайдалана
отырып оқу үрдісін ұйымдастарудың спецификалық
ерекшеліктері. Электронды оқулықтарға қойылатын
талаптар (өз еліміз және шетелдік) «Электронды оқу баспасы»
мемлекеттік стандарт. Электронды оқу құралдарының әдістемелік
аспектілері: контексті жасау спецификасы студенттердің оқу әрекетін
ұйымдастыру ерекшеліктері, білімдерін бақылауды ұйымдастыру.
Студенттердің электронды оқу құралымен жұмыс
істеудегі оқу әрекеттерінің түрлері.Электронды оқулықты
жасауда компьютерлік графика құралының, анимациялық және
имитациялық үлгісіннің дидактикалық мүмкіндіктері
және оны қолдану. Студенттердің виртуалды коммуникациясын ұйымдастыру.
Электронды оқу құралдарын жасаудың технологиялық
аспектілері. «Прометей» қашықтықтан оқыту жүйесі.
10.
Мультимедиялы, лингафонды сыныптарды қолданудың әдістемесі (қазақ
тілі, ағылшын тілі, неміс тілі) – 24 сағат.
Мультимедиялы, лингафонды сыныптардың мүмкіндіктерін
жалпылай шолу. Сыныпқа серверлік қызмет етудің бағдарламасы
«Editor»бағдарламасының суреттелуі. «Editor» меню және жедел
шақыру кнопкасы. Оқытушылардың дауысын жазу. Аудио
бейне-файлдарының қойылымы. Тақырыптық сабақ құру.
11.Оқытудағы
интеративтік технологиялар - 40 сағат.
Оқыту белсенділігінің
психологиялық аспектілері. Белсенді позициядағы адамның
психологиялық жағдайы. Оқытудың тиімді әдістері
мен стильдері. Интерактивтік технологиялардың білім беру үрдісіндегі моделі. Рөлдік
және іскерлік ойындар.
Мектеп, колледж директорларына
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университетінің қайта
даярлау мен біліктілікті көтеру институты
орта және орта мамандырылған
оқу орындарының
оқытушыларын біліктілікті
көтеру курстарына шақырады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті Қазақстан
Республикасының жоғары
оқу орындарының
ішінде рейтинг
бойынша төртінші
орынды иеленіп отыр, сонымен қатар жоғары білікті профессор-оқытушы құрамы, бай жұмыс
тәжірибесі, кең
халықаралық байланыстар,
қазіргі заманға
сай материалдық техникалық базасы бар, осыған қоса астрофизикалық орталық,
ақпараттық-техникалық баспа орталығы, аймақтық ақпараттық
– білім беру желісі,техникалық мамандықтар
үшін реалды- виртуалды кешендері бар. Біліктілікті көтеру, қосымша кәсіптік білім беру түрлерінің
бірі ретінде
кәсіптік білімді жаңарту мен тереңдетуді
көздейді,білім беру саласындағы жұмысшылардың
іскерлік сапасын арттыру үшін қолданылады.
2010
жылы оқытушылардың
біліктіліктілігін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Біліктілікті
көтеру курстарының
тізімі (қосымша №1)
Курстардың ұзақтығы 16, 24, 40, 48, 72 сағат. Сабақтардың
өткізілу мерзімі топтың жиналуына байланысты. Курстар төлемақы негізінде жүргізіледі. Бір тыңдаушының
оқу бағасы.
16 сағаттық бағдарлама –5.900 тг;
24 сағаттық бағдарлама – 7.100тг;
40 сағаттық бағдарлама – 9.700тг;
48 сағаттық бағдарлама – 10.900тг;
72 сағаттық бағдарлама – 14.500тг;
Төлеу түрі
– ақшалай және ақшасыз төлем. Курстың соңында
сертификат беріледі. Қажет болған жағдайда тыңдаушыларға университетке
қарасты қонақ
үй түріндегі жатақхана беріледі.
Курсқа қатысу
үшін тыңдаушыларға
мынадай құжаттар
тапсыру керек.
- жазбаша тапсырыс (қосымша №2), тыңдалған
тақырыпты белгілеу.
- төлқұжат
- төлем туралы түбіртек
- екі дана
келісім шарттың бланкін толтыру.
Біздің
мекен жай: Петропавл қаласы, Пушкин көшесі,
85, оқу корпусы № 10, 204 кабинеті.
Тапсырыс
тел, факс (3152)49-31-45 бойынша жүзеге
асырылады. Біздің реквизиттер; РМКК Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, РНН 4814 00026615, ИИК 000609828 Банк: ФАО
Центр кредит Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 86.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университетінің орта және
орта – мамандандырылған оқу орындары үшін 2010 жылға
шамамен жоспарланып отырған курста біліктілікті көтеру
курстарының тізімі.
ҚАЗІРГІ
ЗАМАНҒА САЙ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ АСТРОФИЗИКАЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Сабақтардың құрылымы:
Қазіргі астрономия әлемі:
Күн Жүйесіне жаңа көзқарас (планеталар мен олардың
спутниктере жасалған жаңа зерттеулер қорытындысына шолу
жасау) Күн Жүйесінің кіші денелері, Күн Жүйесінен
тыс планеталар жүйесі, жер
шарындағы өмір сүру мәселелері, экзотикалық объектілер
жайындағы жаңалықтар. Жаңа перспективті астрофизикалық
зерттеу әдістері: гигантты телескоптар, адаптивті оптика, нейтрин
астрономия, гравитациялық толқындардың астрономиясы. XXI ғасырдың
басындағы астрономияның негізгі жетістіктері.
Күннің көзінің моделі.
Алыс қашықтықтағы ғарыш. Жер шарының эволюциясы. Астрономиялық телескоптар. Оптикалық байқаулардың мәселелері,
әдіс-тәсілдері. Астрономиялық
зерттеулердің тәжірибесінде
сәуле шашудың сандық қабылдағыштарының қолданылуы;
сандық камералар, ПЗС-матрицалары. Фотометрикалық,
позициалды, спектралды байқаулардың өңделу
әдістері.
Жақын
ғарыштың объектілерін
оқып білу. Стационарлық емес жұлдыздардың мәселелері
мен әдіс-тәсілдерін оқытады.
Интернет желісінің астрономиялық ресурстары.
Оқу мерзімі:
16,
24, 40 сағат.
ҚАШЫҚТЫҚТА
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сабақтардың
құрылымы:
Қашықтықта оқыту
технологиялары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру кредиттік жүйе
бойынша қашықтықта оқыту. Қашықтықта
оқыту жағдайындағы құжат аударым жүйесі.
Электронды оқу басылымдарының құрылу негіздері,
электронды оқу басылымдарының рәсімделуіне қойылатын
талаптар. Оқу бағдарламасын жасау. Қашықтықта оқыту
курстарын жасау құралы. Оқу мультимедиялық кешендерінің
жобалануы. Электронды оқытудағы
білім меңгертудің
психологиялық механизмдері. Авторлық құқық
және электрондық оқу басылымының сапасының
экспертизасы.Қашықтықта оқыту курстарын оқыту.
Тьюторлардың жұмыс істеу ерекшелігі. Білім бағасының жүйесі.
Интернетке кіру, білім беру порталының түсінігі және
электронды кітапхана. Қашықтықта оқыту жүйесінің
мүмкіндіктері.
Оқу мерзімі:
16, 24, 40, 72 сағат.
КОЛЛЕДЖДЕР МЕН ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ
БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕР ҮШІН ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯ
Сабақтардың құрылымы:
Педагогика ғылыми білімнің бір саласы
ретінде. Педагогикалық технологиялар. Дидактика негіздері; колледжбен
жалпы білім беру мектептеріндегі оқу әрекетінің жеке
стильдері.
Оқу үрдісін басқарудың
психологиялық негіздері. Білім меңгерудің психологиялық
ерекшеліктері; оқыту белсенділігінің мәселелері, белсенді оқу жағдайындағы психологиялық
жағдай: Педагогтың эмоционалды мәдениеті; стрестің психоалдын алуы.
Оқу мерзімі:
16,
24, 40 сағат
ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕРАКТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Сабақтардың құрылымы:
Интерактивтік технологиялардың түрлерімен
формалары; сабақта қолдану жағдайлары. Рөлдік және
іскерлік ойындар. Рефлексияны ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесі.
Оқу мерзімі:
24, 40 сағат
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ СЫНЫПТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕСІ
Сабақтың құрылымы:
Мультимедиялық кешеннің құрамы мен қолданылуы.
Мультимедиялық кешен арқылы электронды құжаттардың
жасалуы, МS Power Poiht жұмысының негіздері:мәтіндік,
графикалық және басқа ақпаратпен слайд құру,
анимациялардың жасалуы, интерактивтік презентациялардың жасалуы.
Оқу мерзімі:
16, 24 сағат.
ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Сабақтардың құрылымы:
Қазіргі заманға сай жеке
компьютерлердің дидактикалық мүмкіндіктері. Компьютерлік оқыту
бағдарламаларының жіктелуі және олармен жұмыс істеу әдістемесі.
Қашықтықта оқыту негіздері. Дәстүрлі оқыту
үрдісіне қосымша ретінде қашықтықта білім беру
жобалары.
Оқу мерзімі:
16, 24 ,40 сағат.
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ
Сабақтардың құрылымы:
Электронды оқу құралдарының
қолданылуы мен оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері. Электронды құралдардың
құрылымы мен мазмұны. Гипертекст формасындағы оқыту
ақпаратын ұсыну. MS Froht Рage
құжаттындағы гипермәтінді құру. MS
Exsel-дегі имитациялық модельді жасау. MS Power Point Macromedia
Flash анимациялық моделін құру.
Электронды
оқулық өнімді оқу әрекетінің ұйымдастырушысы
ретінде электронды оқу құралы үшін тапсырмалар жүйесін
жасау.
Оқу мерзімі:
40-72 сағат.
КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУ
Сабақтың
құрылымы:
Кредиттік оқыту жүйесі: енгізу тәжірибесі, мәселелері
мен мүмкіндіктері. Кредитті жүйе бойынша оқу үрдісінің
ұйымдастырылуының негізгі принциптері. Оқытушыларға оқу
жүктемесін жоспарлау. Сабақтарды ұйымдастыру. Студенттерге
арналған оқу-әдістемелік кешенін құруға бағытталған
негізгі жолдар (силлабус). Оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік
кешенін құру.
Оқу
мерзімі:
16, 24 сағат
.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ
ІС ЖҮРГІЗУ
Сабақтың
құрылымы:
Ресми аудармалардың теориялық негіздері. Семантика,
салыстырмалы грамматика. Қазақ тілінің терминдерімен олардың
жасалу жолдары. Күрделі сөйлемдерді аудару ерекшелігі. Іскерлік құжаттардың
негізгі түрлерінің компьютерлік шаблондары.
Оқу мерзімі:
24, 40 сағат