![]() |
| Қалыптасу тарихы |
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өзінің жыл санауын Қазақ ССР ХКК қаулысымен Петропавл мұғалімдер институты болып құрылуынан бастайды.
|
| СҚМУ бүгін |
![]() Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (СҚМУ) өзінің жыл санауын 1937 жылдан бастайды, ал соңғы жылдары ірі аймақтық білім, ғылым және мәдени орталыққа айналды, Қазақстан Республикасының ең үздік оқу орындарының бірі болып табылады. Бүгінгі күні 10 факультетте білім, мәдениет, кәсіпорын өндірісі, ауылшаруашылық, экономика мен менеджмент және мемлекеттік қызмет салаларына 127 мамандық бойынша білікті маман даярлайды. 1998 жылдан бастап университетте әскери кафедра ашылды. СҚМУ-да 13 мыңнан аса студент оқиды. Оқу және ғылыми жұмысты құрамында 3 академик, 8 корреспондент-мүше, 40 ғылым докторы және профессор, 100-ден аса ғылым кандидаттары және доценттері бар 32 кафедра жүргізеді.
Бүгінгі күні университет көпдеңгейлі оқыту жүйесі принципін сәтті іске асыратын күрделі оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік кешенді құрайды. Көпдеңгейлі және көпбағдарлы оқытуды қамтамасыз ету үшін СҚМУ-да аспирантура, докторантура, магистратура бар. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті жұмыс істейді, оның құрамына енетіндер: гуманитарлық лицей, «Дарын» мектеп-пансионы, экологиялық сынып, диаспораға арналған курсы бар оқу-дайындық бөлімі. Университеттегі компьютер желісінің дамуы соңғы екі жылда емтихан сессияларын дәстүрлі түрде өткізуден бас тартуға мүмкіндік берді. Барлық пәндерден компьютерлік тестілеу арқылы емтихан алынады. Тұңғыш рет жоғары оқу орнының барлық оқу бөлімшелері мен қызметтерін байланыстыратын басқарудың біріктірілген автоматтандырылған жүйесі (ББАЖ-ЖОО) жасалып, енгізілді. Университеттің өзінің спутниктік телевидение арқылы әлемдік біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістігіне шығатын локальдық, мультимедиялық және корпоративтік желісі оқытушылар мен студенттердің әлемдегі білім мен ғылым жетістіктерін, әлемнің үздік оқыту бағдарламаларын игеруге жағдай жасайды. СҚМУ Халықаралық Жоғары мектептер Академиясы және Халықаралық университеттер Ассоциацияның ұжымдық мүшесі болып табылады. СҚМУ жанынан ҚР Инженерлік Академиясының, Халықаралық кадрлар академиясының, ҚР «IAESTE» студенттер алмасу Ұлттық комитеті филиалдары және бөлімдері құрылған. Университет ғалымдары халықаралық, республикалық, аймақтық, өндірісаралық және өндірістік бағдарламалар жасауға қатысады. Университет екі Халықаралық консорциумға қатысып отыр. Студенттердің қоғамдық және әлеуметтік өмірі тәрбие жұмыстарының біртұтас жүйесіне біріккен. Университетте жоғары оқу орны түлектерінің ассоциациясы, ата-аналар комитеті, студенттердің қоғамдық ұйымдары құрылып, белсенді әрекет етеді. 20 жылдан аса екі студенттер театры, көрме залы жұмыс істейді, арнайы жабдықталған бал биі залы бар. Университеттің КВН командасы – Республикалық байқаулардың финалисі және Халықаралық КВН Ассоциациясы Жоғары лигасы Орал аймағының жеңімпазы. Университет спортшылары спорттың көптеген түрлерінен халықаралық және республикалық жарыстарда табысқа жетті. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан университеті өз инфрақұрылымын сақтап қана қойған жоқ, оснымен бірге, кеңейте де алды. Бүгінгі күні оның 10 оқу корпусы, оның ішінде арнайы жабдықталған әскери кафедра да бар, жалпы алғанда 1700 орынға арналған 5 жатақханасы, өзінің сауықтыру орны, қала сыртында орналасқан агробиологиялық станция мен спорттық-сауықтыру лагері және т.б. бар. СҚМУ-дың перспективалық даму бағдарламасы іске асуда. |