Музыкально-Педагогический факультет

 
 
Тілді таңдау
Факультет тарихы
Декандар
Кафедралар
Оқу-тәрбиелік жұмыс
Ғылыми жұмыс және сапа менеджменті
Абитуриентке

   Факультет тарихы

   Саз-педагогикалық факультеті 1978 жылы ашылды. Алғашқы студенттерді «Музыка және ән салу», «Бастауыш сыныпты оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша жинады. Факультет екі қафедрадан тұрды: бастауыш сыныпты оқыту педагогикасы мен әдістемесі мен музыка пендері. Бірінші декан педагогика ғылымдарының кандидаты М.Т. Дзюба, факультетті 10 жыл бойы басқарды, ол студенттер мен оқытушыларды біріктіре білді. Студенттердің өздік басқару идеясы саз-педагогикалық факультеттің негізгі белгісі болды. Деканға көп жәрдемдескен партиялық бюро хатшысы - В.А. Ким және А.Ф. Шкурко кәсіптік ұйым жетекшісі. М.Т.Дзюба факультеттің материалдық базасын толықтырып, 2 оркестр құрды: үрлемелі аспаптар және халық аспаптары оркестрлерін. Бұл жұмысқа бәлсенді ат салысқан Н.Б.Дивинская.

1988 жылы Петропавл қаласына Мәскеу мемлекеттік консерватория түлегі өнертану ғылымдарының кандидаты А.Е.Слезко келді де, СПФ деканы болып тағайындалды. Оның белсенді шығыармашылық әрекеті оқыту үрдісін ұйымдастыруна көп ықпал етті – музыка мұғалімдерінің және орындаушылар мәдениеті дамып, кәсіби шеберлік жоғарлады. Музыка пендерінің көп жанрлы жұмысы университеттің мәдени өміріне көп үлес қосты. Бұл студенттер хорының (50 адам) қойылымдары, пианинашылардың жеке қойылымдары  және т.б. 2000-2001 ж.ж. аралығында жаңа мамандықтар ашылды: «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология»,   «Дефектология», «Әлеуметтік педагогика».

2002 жылдың қыркүйегінен бастап факультетті Н.И.Пустовалова басқарды – К.Д.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты физика-математика факультетеінің түлегі. 2005 жылы кандидаттық диссертация қорғап Н.И.Пустовалова Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық университеті жанындығы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ОӘБ мүшесі болды, «12-жылдық білім беру» журналының редакция коллегиясының мүшесі. Ол «12-жылдық» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығымен және «Учебник» РҒТО тығыз байланыста жұмыс істейді.

2003 жылы саз-педагогикалық факультетін педагогика ғылымдарының докторы А.Ж.Мурзалинова басқарды - К.Д.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институты тарих-филология факультетеінің түлегі.

2004 жылы саз-педагогикалық факультетінің деканы болып физика-матаматика ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Е.Батыров тағайындалды,  П.Лумумба атындағы халықтар достастығы университетінің түлегі. 1993 жылы ол Мәскеуде диссертациясын қорғады, 40 ғылыми мақалары бар. Қазіргі таңда 2006 жылдан бастап Н.И.Пустовалова факультет деканы.

Факультет студенттері 7 мамандық бойынша білім алады. Күндізгі және сырттай бөлімде  екі мыңнан астам студенттер бар. Студенттермен 147 оқытушы, 20 доценттер мен ғылым кандидаттары, 2 өнертану саласындағы еңбек сіңірген азаматтары жұмыс істейді. Аға оқытушылар З.М.Тынчарова, Н.М. Тукачева, Н.И. Волчкова магистр атағын алды.