
Біздің
факультет Қазақстанда алғаш рет информатика және
есептеу техникасын оқыту үдерісіне енгізгендердің бірі болып
табылады, ал бастауыш сынып оқушыларын ЭЕМ-де жұмыс істеуге
үйретуді 1977 жылдан бері жүзеге асырып келеді.
1991 жылы
ЭЕМ-нің қоғамдағы ролінің арта бастауына
және арнайы мамандарды даярлау қажеттілігіне байланысты информатика
кафедрасы құрылды. Кафедраның алғашқы
меңгерушісі – экономика ғылымдарының кандидаты Д.Ш.Матрос
болған.

Ақпараттар
технологиясы факультеті жаратылыстану (біліктілігі бакалавр) және
педагогикалық (біліктілігі мұғалім)
бағыттарындағы мамандарды даярлайды. Дайындықты
факультеттің 4 кафедрасында қызмет ететін тәжірибелі
оқытушылар жүзеге асырады.

2005-2006
оқу жылында өткізілген ғылыми шараларға
(конференциялар, семинарлар, көрмелер т.б.) қатысқан
факультет қызметкерлері мен студенттерінің баяндамаларымен таныс
болыңыздар.
Біршама
оқытушылардың көп жылдық ғылыми жұмыс
тәжірибелері бар, олардың зерттеулерінің нәтижелері...








